ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері тек саяси, экономикалық бағытта ғана емес, ғылыми тұрғыдан да даму үрдісінде келе жатыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» – деп атап өткендей елімізде білім мен ғылымның өркендеуі мемлекеттік деңгейде жолға қойылған. Осы орайда, дінтану ғылымның да даму үстінде екенін атап өткен жөн. Дін – күрделі құрылым. Дін мәселесі – өте өзекті тақырып. Әсіресе, оңы мен солын әлі жете танып-білмеген...